2022 жылғы 11 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы №44 орта мектебінің ұйымдастыруымен Ата-аналар диалог алаңында ата-аналарға арналған «Ата- анамен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында онлайн-вебинар өтті.
Мақсаты: Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-аналарды мектептегі іс-шараларға қызығушылығын арттыру. Ата-ананың балаға деген махаббатын, сүйіспеншілігін, жауапкершілігін дамыту.
Вебинар скипері «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Ж. Бодикова вебинарда ата-аналарға баланың рухани, сезімтал дамуына ата-ана өз үлесін қосу үшін атқаратын шараларға бағыт берді. Сонымен қатар ата-аналар тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеудегі тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті және мектеппен бірлескен ата-аналармен жұмысты жалғастыру керек деген тұжырым жасады. Вебинарға 48 ата-ана қатысты.