І қалалық «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» ғылыми жобалар конкурсының екінші кезеңі

 Астана дарыны» ДДПС орталығы мен №86 мектеп – гимназиясы бірлесіп 2022  жылы 15 наурызда елорда мектептерінің 8 -10 сынып оқушылары арасында  І қалалық  «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» ғылыми жобалар конкурсының екінші кезеңін өткізеді.

Конкурс мақсаты: өскелең ұрпаққа  заманымыздың заңғар жазушысы, драматург, ғалым М.Әуезовтің шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, рухани құндылықтарымызды бағалауға тәрбиелеу.

Конкурсқа  98 білім беру мекемелерінен 150 оқушы өз жобаларын  ұсынып, 89 жоба сараптамадан өтті. 

  Конкурс 3 секция бойынша өтеді:

1.            «М. Әуезовтің әдебиеттегі орны»;

2.            «Әуезов және тарих»;

3.            «Әуезов және әлем әдебиеті».

Конкурс аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін  семинар өткізіледі.

              Жас зерттеушілерге сәттілік тілейміз!