ІІ ҚАЛАЛЫҚ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ОҚУЛАРЫ

2022 жылдың 11 наурыз күні «Астана дарыны» ДДжПС орталығының ұйымдастыруымен №16 ортамектебінде елордалық білім мекемелерінің 5 – 7 сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Құтты білік» оқулары өтті. 

Жас ұрпақты халық ауыз әдебиетінің жауһарларымен сусындатып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көркемсөз оқу шеберлігі мен шығармашылығын дамыту  мақсатын көздеген оқулар ауыз әдебиетінің  – «Мұңлық -Зарлық» дастанына арналды.

ІІ қалалық  «Құтты білік» оқуларына Нұр – Сұлтан қаласының 71 білім беру мекемесінен 220 оқушы сұраныс берді, 10 оқушы белгілі себептермен қатысқан жоқ.

Әр номинация бойынша ҚР мәдениет қайраткерлері, ақындар мен өнер майталмандары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қазылық қызмет атқарды.

Қалалық «Құтты білік» оқуларында: 

1. «Топжарған»жатқа, мәнерлеп оқу номинациясына 52 оқушы қатысып – 

Бас жүлде – № 4 МГ, Әзімбек Динара

І орын – №79 МЛ, №87 МГ, №67 Г

ІІ орын – №89 МЛ, №26 МГК, №76 МЛ, №48 МЛ, №49 ОМ, №29 ОМ, №68 МГ

ІІІ орын – №16 ОМ, №56 МЛ, №63 МГ, №69 МГ, №71 МЛ, №81 Г, №86 МГ, №54 МЛ, №34 ОМ, №50 МЛ, №64 МЛ, №90 Г, №8 МЛ

Грамота –  №15 МЛ, №80 МГ, №25 ОМ, №70 МЛ, «Тұран» МЛ, №62 МЛ, №73 МЛ

2. «Ақ қауырсын»ақындар мүшайрасы номинациясы бойынша 42 оқушы қатысып –

Бас жүлде – № 69 МГ, Нұрқазы Нұркелді

І орын – №67 Г, №79 МЛ 

ІІ орын – №87 МГ, №58 МГ, №48 МЛ, №90 Г, №16 ОМ

ІІІ орын – №38 МЛ, №80 МГ, «Ұлы дала» МЛ, №35 МЛ, №77 МГ, №86 МГ, №40 МЛ, №83 МГ

Грамота –  №24 ОМ, №34 ОМ, «Таным» МЛ

3. «Ойтолғау» эссе жазу номинациясына 64 оқушы қатысып – 

Бас жүлде – № 66 МЛ, Қадыр Ұлту

І орын – №15 МЛ, №15 МЛ, №50 МЛ, №79 МЛ, №89 МЛ

ІІ орын – №31 МГ, №64 МЛ, «Сарыарқа» МЛ, №69 МГ, №86 МГ, №40 МЛ, №77 МГ, №8 МЛ, №14 МГ

ІІІ орын – №27 МЛ, №28 МЛ, №45 ОМ, №52 МГ, №62 МЛ, №63 МГ, №63 Г, №80 МГ, №58 МГ, №70 МЛ, «Ұлы дала» МЛ, №55 ОМ 

Грамота – №38 МЛ, №51 МГ, №31 ОМ, №83 МГ, №87 МГ, №78 МГ

4. «Сыр сандық» шешендік өнер номинациясы бойынша 62 оқушы қатысып –

Бас жүлде – № 84 МЛ, Жұмаш Шұғыла

І орын – №52 МГ, №72 МЛ, №54 МЛ

ІІ орын – №16 ОМ, №24 ОМ, №38 МЛ, №68 МГ, №82 мЛ, №87 МГ, «Ұлы дала» МЛ

ІІІ орын – №15 МЛ, №27 МЛ, №30 МГ, №31 МГ, №61 ОМ, №69 МГ, №77 МГ, №79 МЛ, №89 МЛ, №48 МЛ, №92 МЛ, №50 МЛ 

Грамота – №28 МЛ, №62 МЛ, №58 МГ, №73 МЛ, №49 ОМ, №8 МЛ, «Тұран» мектеп- лицейінің оқушылары  жүлделі орындарға ие болды. 

            Қалалық «Құтты білік» оқуларының өтуіне қосқан үлестері және ұйымдастыру жұмысына атсалысқандары үшін  №16 орта мектебінің әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз!