ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ

2022 жылы 12-наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қалалық ауызша командалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты: Білім алушылардың гуманитарлық пәндер (қазақ тілі, қазақ әдебиеті) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.
2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы және «Білім беруді жаңғырту» орталығының бастамасымен Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы салтанатты түрде ашылып, жоспарлы түрде ауқымды іс-шаралар өткізіліп келеді. Аталған олимпиада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының қолдауымен дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы 1994-1995 жылдары білім беру саласына енген төл технология ретінде «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мектепішілік, қалалық, республикалық ауызша командалық олимпиадасы өткізіліп келе жатыр. Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында өткізілген ауызша командалық олимпиадаға қаламыздағы М.Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы, С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы, №72 мектеп-лицейі, Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тани атындағы №85 мектеп-лицейі, М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы, №66 мектеп-лицейінің 1-5 сыныптарынан 285 оқушы қатысып, бақтарын сынап, І дәрежелі дипломмен 56 , ІІ дәрежелі дипломмен 52, ІІІ дәрежелі дипломмен 54 оқушы марапатталды.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы, «Білім беруді жаңғырту орталығы», Нұр-Сұлтан қаласы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясы.
Барша жүлдегер атанған оқушыларды құттықтаймыз!