Елордалық оқушылар қоржынында 3 алтын және 1 күміс!

Математика және механикадан Ө. Жолдасбеков атындағы ХІІ Халықаралық зерттеу жобалары конкурсы 2022 жылдың 10-12 наурызында Алматы қаласында өтті.
Елорда құрамасы намысын 8 жобамен 11 жас зерттеушіміз қорғады.
Халықаралық жобалар конкурсының қорытындысы бойынша елордалық оқушылар 4 жүлделі орынға ие болды: І орын-3, ІІ орын-1, грамота-1.
Конкурс жеңімпаздары: Ескермес Жаннұр (#8мл)-математика секциясы — І орын және алтын медаль, Кеңесов Асқар мен Кеңесбеков Райымбектің командалық жобасы (#3 мг)-механика секциясы—І орын және алтын медаль.
Күміс медаль мен ІІ орынды математика секциясы бойынша Шаяхметова Дәмелі (#79 мл) иеленді, ал Альжанов Арыстан (БИЛер) —математика секциясы бойынша грамотамен марапатталды.
Елордалық жас дарындарды және олардың ұстаздары мен ата-аналарын жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!