2022 жылдың 11 наурыз күні «Астана дарыны» ДДжПСО мен «Digital Education Technologies» ЖШС бірлесе отырып, №60 мектеп-лицейінде 7-8 сынып оқушыларына арналған Жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі аясында информатика пәні мұғалімдеріне «Информатика олимпиадасы: мәселе немесе мүмкіндік?» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар мақсаты – Елордалық білім беру ұйымдарының олимпиадаға дайындық сапасын арттыру.
Семинарға 73 білім беру мекемелерінен 87 информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы директорының ұйымдастыру-педагогикалық жұмысы жөніндегі орынбасары Буралкиева Гульбакыт Мукашевна орталықта білім беру ұйымдарының олимпиадаға дайындық сапасын арттыру мақсатында ұстаздар қауымымен жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып, информатика пәні мұғалімдері қауымдастығының құрылып, жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
2022 жылдың 14-22 ақпан аралығында өткен Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңінің информатика пәні бойынша қорытындысына шолу жасады.
«Ed-light Аcademy» жаттықтырушы маманы Тулегенов Максат Касымович информатика пәнінен аудандық олимпиада есептерінің шығару жолдарын талдап, «С++» тілінде бағдарламалау және оның мүмкіндіктерін түсіндірді, мұғалімдермен пікір алмасты.
«Digital Education Technologies» ЖШС директоры Шаниев Ержан Булатович информатика олимпиадасы ұстаздар мен оқушылар алдында тұрған мәселе емес, оның жас жеткіншектерге берер мүмкіндігі зор екенін, бүкіл ғылым саласына информатиканың берері көп екенін нақты мысалдармен дәлелдеді.
Орталықтың «Педагогикалық шеберлік бөлімінің» мамандары олимпиадаға дайындық кезінде мұғалімдерде туындайтын мәселелерді талқылауды, сондай-ақ нәтижелілікке әсер ететін факторларды анықтауды ұсынды. Аудиторияда спикерлер мен қатысушылар арасында жайлы диалог орнады. Семинарға қатысушыларға «Астана дарыны» ДДжПСО мен «Digital Education Technologies» ЖШС сертификаттары табысталады.