«Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбындағы вебинар

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2022 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының № 8 орта- мектеп ата-аналарына «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» атты онлаин вебинар өткізді.
Вебинар мақсаты: Ата-аналармен ғаламтордың бала тәрбиесіне, денсаулығына, оқу үлгеріміне тигізетін кері әсері жайлы ой бөлісе отырып, балалардың ғаламторға тәуелділігінің алдын алу жолдарын қарастыру, әдістемелік тұрғыда бағыт беру.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің педагог-психологі Т.С. Сатымбекова балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау және интернет ресурстарды қолдану мәдениетін жетілдіру тәсілдеріне ұсыныстар айтты. Ата-аналарға ғаламтор желісінде күрделі парольдерді таңдау, оларды үнемі өзгерту, желіні мұқият қолдану, сенімді сайттар мен қызметтерді таңдау тәсілдерін игеруге қатысты кеңестер берді. Ата-аналар өзекті мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді. Вебинарға 38 ата-ана қатысты.