ИНФОРМАТИКА пәнінен жасөспірімдер олимпиадасы

2022 жылдың 11 наурызында №60 мектеп-лицейі базасында 7-8 сынып оқушыларының ИНФОРМАТИКА пәнінен жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі өтеді.
Олимпиада барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтеді. Олимпиада аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған семинар да өткізілмек.
Білім додасында бақ сынайтын оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!