Елордалық жас зерттеушілер халықаралық конкурсқа аттанды

2022 жылдың 10- 12 наурызы аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында математика және механика бойынша Ө. Жолдасбеков атындағы ХІІ Халықаралық ғылыми жобалар конкурсы өтеді.
Конкурсқа 8 жобамен 11 елордалық оқушы қатысуда.
Аталмыш конкурс 4 номинация бойынша өткізіледі: математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер.
Жас зерттеушілерімізге шығармашылық табыс тілейміз! Жеңіс күтеміз!