«Жаңа мүмкіндіктер мектебі» жобасы асында инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылу салтанатының Баспасөз-парағы

Өтетін орны: №65 мектеп-гимназиясы, 187 көше, 18/4.

Өттетін уақыты: 9 наурыз 2022 жыл, сағ. 15.00.

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Co-Make» қоғамдық қоры бірлесіп автоматтандырылған психодиагностика және коррекцияға арналған «Амалтея» заманауи жабдығымен жабдықталған инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылу салтанатын өткізеді.

«Жаңа мүмкіндіктер мектебі» жобасының мақсаты – «АМАЛТЕЯ» автоматтандырылған компьютерлік жүйелері негізінде білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балар үшін мектептерде қолжетімді орта қалыптастыру.      

Балалар жылы аясында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың саясатын қолдаудағы маңызды шаралардың бірі – инклюзивті білім беру форматындағы  «Жаңа мүмкіндіктер мектебі» пилоттық жобасын жүзеге асыру.  Жоба авторлары – «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және «Co-Make» қоғамдық қоры.

Білім беруде ерекше қажеттіліктері бар бала даму кезеңінде жүйелі түрде жан-жақты білікті психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет етеді. Инновациялық технологиялардың арқасында мұғалімдерге түзету және дамыту бағыттарын анықтауға және мүмкіндігі шектеулі балалардың әрбір санаты үшін дамудың әрбір жас кезеңі мен білім деңгейінің оңтайлы арнайы білім беру қажеттіліктерін таңдау мүмкіндігі беріледі. Инклюзивті білім беру форматындағы осы санаттағы балаларға арналған «Амалтея» ҒӨФ түзету-дамыту жабдықтары – заманауи жетістік.

Кабинетті ашу үшін №65 мектеп-гимназия таңдалды, себебі есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған және церебральды сал ауруы бар оқушылар контингенті 215 баланы құрайды.

Жоба аясында № 65 мектеп-гимназиясының педагог-психологтері оқудан өтіп, сертификат алады (оқытуды «Co-Make» қоғамдық қоры өткізеді). Педагог-психологтер «Амалтея» инновациялық жабдығын пайдалану арқылы білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін диагностикалық, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізетін болады.