Елордалық оқушылар тағыда жеңіс тұғырында!

7-8 наурыз күндері Алматы қаласында математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. 

Бұл олимпиадаға 9-11 сыныптардың ең мықты математиктері қатысты.

Елордалық команда намысын Нұр-Сұлтан қаласының 5 мектебінен (МШ «SPECTRUM» ММ, БИЛ ер, «NURORDA» МЛ, экономикалық лицей, №3 МГ, «QUANTUM STEM SCHOOL», «Haileybury Astana») 22 оқушы қорғады, оның ішінде 9 оқушы алтын, күміс және қола медальға ие болды (I орын – 1, II орын – 3, III орын – 5).

І орынды Феттулах Сам («SPECTRUM» ММ), ІІ орынды – Байтуреев Рахымжан  (БИЛ ер), Құсдавлетов Елдар («NURORDA» МЛ) және Баймулдин Данил  (экономикалық лицей), ІІІ орынды – Нағашбек Мұхаммед («NURORDA» МЛ), Байжанов Сұлтанбек, Әбсаттаров Нұрдәулет, Дүйсенбаев Қозыкөрпеш (БИЛ ер), Михайленко Александр (№3 МГ) иеленді.

Елордалық жас зияткерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!