2022 жылдың 1-2 наурыз күндері Алматы қаласында «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық шеберлігін арттыруға деген ұмтылысы бар педагогтер үшін «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты – педагогтардың қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, білім беру саласындағы басқару теориясы мен практикасының жаңа бағыттарын анықтау және зерделеу, білім беру жүйесін дамытуға және оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау.
Конкурсқа елордалық білім беру мекемелерінің (№№3 МГ, 14 МГ, 46 БМГ, 53МЛ, 71МЛ, 87 МГ, экономикалық лицейі) 7 мұғалімі бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім, психологиялық қызмет (әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану; қосымша білім беру, тәрбие жұмысы және сабақтан тыс уақытта), ғылыми-жаратылыстану (химия, биология, география экология), қоғамдық-гуманитарлық бағыт (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), қоғамдық-гуманитарлық (тарих, құқық, экономика) бағыттар бойынша қатысып, нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді.
І орын:
1. Киянова Замзагул Ертаевна, №53 мектеп-лицейі;
2. Габдуллина Алмахан Мухаметкалиевна, №87 мектеп-гимназиясы;
3. Байсаков Нуржан Елюбаевич, экономикалық лицей.
ІІІ орын:
1. Аштаева Гулжан Махановна, №71 мектеп-лицейі.
Грамота:
Аренов Ербол Бейсембаевич, №3 мектеп-гимназиясы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!