«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылы 4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының № 50 мектеп-лицейі ата-аналарына «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» тақырыбында онлаин форматта вебинар өткізді.
Вебинар мақсаты: Ата-аналармен ғаламтордың бала тәрбиесіне, денсаулығына, оқу үлгеріміне тигізетін кері әсері жайлы ой бөлісе отырып, балалардың ғаламторға тәуелділігінің алдын алу жолдарын қарастыру, әдістемелік тұрғыда бағыт беру.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің педагог-психологі Л.Ж. Бодикова, балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау және интернет ресурстарды қолдану мәдениетін жетілдіру тәсілдеріне ұсыныстар айтты. Ғаламтор желісінде күрделі парольдерді таңдау, оларды үнемі өзгерту, желіні мұқият қолдану, сенімді сайттар мен қызметтерді таңдау тәсілдерін игеруге ата-аналарға кеңестер берді. Ата-аналар өзекті мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді. Вебинарға 84 ата-ана қатысты.