«Өмірге ИӘ деп айт!» қалалық акция аясында өткен семинар-тренинг

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Өмірге Иә деп айт!» қалалық акция аясында 2022 жылдың 3 наурыз күні №50 мектеп-лицейінде 10 «а», «б», 11 «а», «б» сынып оқушыларымен «Стресс және дағдарыс» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар мақсаты: Стресстің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру, позитивті ойды дамыту, тренинг – жаттығулар арқылы стресстен арылту.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Ж Бодикова 10-сынып оқушыларына стресстің ұзақ мерзімді әсері туралы бірнеше зерттеулер көрсетіп, тұлғаның жеке басының стресске төзімділік тұжырымдамасын ажырату, эмоцияны басу, депрессия және мазасыздық сияқты психологиялық дағдарыстан шығу жолдарына кеңес берді.
Семинар-тренингте оқушылар өмірге деген құлшынысты арттыруға, сенімдік, жігерлі қасиеттер дамытуға, дағдарысқа төзе білуде қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді. Семинар тренингке 96 оқушы қатысты.