7-8 сынып оқушылары арасында өткен географиядан I Ұлттық олимпиадасының қалалық қорытынды кезеңі

         2022 жылғы 2 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы  «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясымен бірлесе отырып, 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиадасын (әрі қарай – Олимпиада) өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың географиялық білімінің, дағдыларының және географиялық зерттеулерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға  деген қызығушылығын арттыру.

         Олимпиаданың қорытынды кезеңіне I Ұлттық олимпиаданың және Жасөспірімдер олимпиадасының (квотадан тыс) аудандық кезеңдері жеңімпаздары мен жүлдегерлері болған (I, II және III дәрежелі диплом иегерлері) 98 оқушы 54 білім беру мекемелерінен  қатысты.

Олимпиада нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен 7 оқушы, ІІ -11, ІІІ-16 және 15 оқушы грамотамен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен  «National Geographic Qazaqstan» журналының I, II және III дәрежелі дипломдары мен медальдары, грамоталары және «National Geographic Qazaqstan» журналы арнайы дайындаған брендтік сыйлықтар табысталды.

Барлық І Ұлттық олимпиада  жүлдегерлерін және ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз!