2022 жылдың 1 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының № 76 мектеп-лицейінде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Өмірге Иә деп айт!» қалалық акция аясында 11-сынып оқушыларымен «Стресс және дағдарыс» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өтті. Семинарға 48 оқушы қатысты.
Семинар мақсаты: Стресстің адам ағзасына және психикасына әсерімен таныстыру, стресстік жағдайларда мінез-құлықтың бейімделу стратегиясын жасау жолдарын көрсету, эмоционалды жағдайларды өзін-өзі реттеудің әртүрлі әдістері туралы түсінік беру.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің педагог-психологі Т.С. Сатымбекова 11-сынып оқушыларына психологиялық кеңестер беріп, оқушылардың стресс пен дағдарысқа ұшырамауына жол бермеу мақсатында қолданатын әдістемелердің ерекшеліктеріне тоқталып, бағдарламаны қолдануды тәжірибеде көрсетті. Оқушылар өзекті мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді.Семинар-тренингтің маңыздылығы оқушылардың қызығушылығын тудырды