ІІ қалалық «Құтты білік» оқулары

«Астана дарыны» ДДжПС орталығы Нұр- Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 5- 7 сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Құтты білік» оқуларын 2022 жылдың 11 наурыз күні №16 орта мектебінде өткізеді.
Мектеп оқушылары арасында ауыз әдебиеті шығармаларын насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін түсіндіру, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, әдеби тіл байлығын, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту мақсатын көздейтін «Құтты білік» оқуларының осы жылғы тақырыбы – «Мұңлық – Зарлық» дастанына арналады.
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Топжарған» – шығарманы мәнерлеп, жатқа айту номинациясы;
  2. «Ақ қауырсын» – ақындар мүшайрасы номинациясы;
  3. «Ойтолғау» – эссе жазу номинациясы;
  4. «Сыр сандық» – шешендік өнер номинациясы.
    Байқауға қатысушыларға сәттілік тілейміз!