7-8 сынып оқушыларының географиядан I Ұлттық олимпиадасының қалалық қорытынды кезеңінің баспасөз хаты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы  «National Geographic Qazaqstan» журналымен бірлесе отырып, 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиадасын (әрі қарай – Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың географиялық білімінің, дағдыларының және географиялық зерттеулерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға  деген қызығушылығын арттыру.

Олимпиаданың тапсырмалары (жазбаша, мультимедиялық және далалық тапсырмалар (кеңсе жағдайында да) оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, география бойынша жетекші халықаралық олимпиадаларды терең және жан-жақты талдау, сондай-ақ халықаралық өлшемдер (PISA, TIMSS) тапсырмалары негізінде әрі Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің жаңартылған мазмұнының және бенчмаркингтің (бағалау) қағидаттары мен талаптарына сай әзірленді.

Қатысушылар өздерінің білімі мен дағдыларын нақты кеңістіктік ауқымда қолдану қабілетін көрсетуі қажет. Мән-мәтіндер визуалдауды және деректерді өңдеуді қажет ететін карталар, суреттер мен графиктер және т.б. арқылы ұсынылған.

Олимпиаданың тұрақты өтетін орны болып, №72 мектеп-лицейі таңдап алынды.

         2021 жылдың 28 қазанында онлайн форматта өткен олимпиаданың алғашқы мектепішілік кезеңіне елордамыздың 98 білім беру мекемесінен 1373 оқушы қатысып, 291 оқушы 20-қарашада №72 мектеп-лицейінде өткен аудандық іріктеу кезеңінде сайысқа түсті. Жеңіп шыққан 102 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алды.

Оимпиаданың қорытынды кезеңіне I Ұлттық олимпиаданың және Жасөспірімдер олимпиадасының (квотадан тыс) аудандық кезеңдері жеңімпаздары мен жүлдегерлері (I, II және III дәрежелі диплом иегерлері) қатысады.

Олимпиаданың өтетін орны: №72 мектеп-лицейі, А.Байтұрсынов көшесі, 25.

                Олимпиаданың өтетін уақыты: 2 наурыз, 2022 жыл, сағ. 10.00

Қалалық қорытынды кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен  «National Geographic Qazaqstan» журналының I, II және III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталып, «National Geographic Qazaqstan» журналы арнайы дайындаған сыйлықтар тапсырылады.