«Жас психолог мектебі» аясындағы оқыту семинары

2022 жылдың 25 ақпанында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі мектеп психологтеріне «Балалармен жұмыс жасаудың тұлғаға бағытталған тәсілі» бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинары  өтті.      

Семинар басында директордың орынбасары Г.М.Буралкиева алғысөзімен бүгінгі іс-шараға сәттілік тіледі.

Семинарға Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептердің педагог-психологтері қатысты. №20 мектеп-гимназиясының педагог-психологі М.Рүстемова өз тәжірибесімен, балалармен жұмыс жасаудағы тұлғалық-бағдарлық әдісімен бөлісіп, бұл тәсілді қолданудың маңыздылығын және мұғалімнің қызметін атап өтті. Семинар аясында қатысушылармен тренинг өткізілді. Қатысушылар семинардың әдістемелік пайдалылығын атап өтіп, алдағы семинарларға өз ұсыныстарын білдірді.