География пәнінен I Ұлттық Олимпиада

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы  мен «National Geographic Qazaqstan» журналы оқушылардың географиялық білімінің, дағдыларының және географиялық зерттеулерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға  деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2022 жылғы 2 наурыз күні 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен I Ұлттық Олимпиадасының (ары қарай – Олимпиада) қалалық қорытынды  кезеңін өткізеді.

Өтетін орны: 72 мектеп-лицейі базасы

Басталуы: сағат 10:00-де.

Олимпианың қорытынды кезеңіне I Ұлттық олимпиада және квотадан тыс Жасөспірімдер олимпиадысының аудандық кезеңдері жеңімпаздары мен жүлдегерлері (I, II және III дәрежелі диплом иегерлері) қатысады.

Қорытынды кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен  «National Geographic Qazaqstan» журналының I, II және III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталып, «National Geographic Qazaqstan» журналының сыйлықтары тапсырылады.