Педагогтерге арналған оқыту семинары

      2022 жылдың 23 ақпаны күні  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы  психологиялық қызмет бөлімінің жоспарымен сәйкес  «Өмірге ИӘ! деп айт» қалалық акция аясында  «Оқушыларды азаматтық әлеуметтендірудің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында  педагогтерге арналған  онлайн семинар өтті.

      Мақсаты: жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мәселесіне педагогикалық қоғамдастықтың назарын аудару.

      Вебинар құрылымы дәріс және практикалық материалдан тұрады. Жобаның авторы және модераторы – «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, Қазақстанның педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Александр Николаевич Тесленко – академиялық-танымдық сипатқа ғана емес, сонымен қатар қазіргі қоғамның практикалық мәселесімен тікелей байланысты: біздің еліміз қандай жолмен жүреді және бұл ретте жеке тұлғаға қандай рөл жүктеледі. Азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мәселелері (факторлар, деңгейлер және қалыптастыру құралдары) және жеке тұлғаның азаматтық мәдениетін қалыптастыру көрсеткіштері қаралды.

Азаматтық-патриоттық тәрбие практикумы тыңдаушыларды азаматтықты қалыптастыру бойынша жастар жұмысының заманауи – «мектеп мемлекет ретінде» іскерлік ойыны, 10-11 сынып оқушыларына арналған «бизнес және мораль» ток-шоуы,  Татуласу қызметі, мектептегі дебат – клуб сияқты  технологияларымен таныстырды. Оқушылардың сыни ойлауы мен әлеуметтік белсенділігін дамыту құралдарына ерекше назар аударылды.

    Семинарға № 47 мектеп-гимназия, № 60 мектеп-лицейі және № 72 мектеп-лицейінен  жалпы  71 педагог  қатысты. Оқыту семинарының материалдары білім беру ұйымдарының және орталық сайттарында шығарылды.

Семинар  материалдары  Яндекс дискісінде :

лекция – https://disk.yandex.ru/i/oJmdTjsLDzeLYA

практикум – https://disk.yandex.ru/i/A_1xGVy0buXz4g