Елорда қоржынында 24 медаль!

2022 жылдың 21-25 ақпанында Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының IV кезеңі елордалық мектеп оқушылары үшін сәтті аяқталды.

Биыл әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ғылыми жұмыстарды қорғау алғаш рет жобалар жәрмеңкесі түрінде өткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының 23 білім беру мекемесінен 46 оқушы 35 ғылыми жобаны қазылар алқасы алдында қорғап шықты, оның ішінде 24 жас зерттеуші шығармашылық қабілеттерінің, ақпаратпен жұмыс істеу қабілетінің, зерттеушілік дағдыларының деңгейін өз жобалары арқылы көрсете біліп, 24 жүлделі орынға ие болды: І орын – 7, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 12 және 3 грамота.

І орын алған оқушылар алтын медальдармен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І дәрежелі дипломдарымен марапатталды: Тәуекел Ерасыл («Quantum STEM School»),  Амангелдиева Аяулым (№ 4 МЛ), Омарова Мерей (№89 МЛ), Айкенов Ерасыл мен Қайрат Аманжол (№9 «ЗЕРДЕ» мамандандырылған мектебі), Құндақ Аяжан мен Құндақ Аружан (№60 МЛ).

ІІ дәрежелі диплом және күміс медаль – 5 жоба: Нұрғожа Аруана (№85 МЛ), Зарлықов Даниал (№60 МЛ), Саматов Мақсат (№90 Г), Болат Сабина (№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі) және Тәңірберген Рамазан (№4 МГ).

12 жұмыс ІІІ дәрежелі дипломмен, тиісінше қола медальдармен марапатталды: Әбдіғаппар Нұрай (№87 МГ), Файзулла Осман (№82 ​​«Дарын» мамандандырылған лицейі), Нұрмағамбет Арғын (Smart technological school), Ерназар Еркежан (№29 ОМ), топтық жұмыс – Сайлау Нұрбақыт пен Смағұлова Томирис (Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты), Досмағанбет Мөлдір, Қуанышева Күнсұлу (№9 «ЗЕРДЕ» мамандандырылған мектебі), Нұралиева Жанель, Мұсабекова Арайжан Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты), Анастасия Ломако, Юлия Виноградова (№6 Г).

Қуандық Нұрайым (№66 МЛ), Кинжитаева Назия (№38 МЛ) және Айғалиева Медина (№64 МЛ) грамотамен марапатталды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың жетекшілерін, ата-аналарын құттықтаймыз!