Елордалық мектеп оқушыларының 18-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасындағы көрсеткіші

2022 жылдың 16-23 ақпаны аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің базасында математика, физика және информатика бойынша халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

         Осындай беделді зияткерлік білім додасына 1000-нан астам қатысушы, яғни әлемнің 22 елінен 146 команда қатысты.

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Болгария, Сербия, Румыния, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Индонезия, Армения, Дания, Қырғызстан, Түрікменстан, Австралия, Иран, Үндістан, Моңғолия, Әзірбайжан, Түркия, Вьетнам оқушылары білім мен ғылым жолындағы өз қабілеттерін көрсетті.

Жәутіков атындағы олимпиада оқушылар арасында физика-математика ғылымдарына қызығушылықты арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, Қазақстанның білім мен мәдениет деңгейін көрсету мақсатында өткізіледі.

Олимпиадада Нұр-Сұлтан қаласының командасы 5 білім беру мекемесінен 26 оқушы бақ сынады.

Елорда қоржыны әртүрлі деңгейдегі тағы 16 медальмен толықты: 2 алтын, 2 күміс және 12 қола.

Математикадан 520 қатысушының ішінде біздің қатысушылар 1 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдеге ие болды. Математикадан жеңімпаздар мен жүлдегер атанған оқушыларымыз: Сам Фетуллах – алтын медаль («Spectrum» халықаралық мектебі), Данил Баймулдин («Экономикалық лицей») және Әлихан Алпысбеков (дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты) – күміс медаль иегерлері; Мерей Темірзинова – («HAILEYBURY» халықаралық мектебі), Нұрдәулет Әбсаттаров (дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты), Әділбек Молдабек пен Эльдар Құсдавлетов («NURORDA» мектеп-лицейі) – қола медаль.

Физика пәнінен 340 қатысушының арасынан топ жарған дарынды оқушыларымыз: 1 алтын медаль – Нұрдәулет Назарбаев («NURORDA» лицей мектебі) және 3 қола медаль – Әмірәлі Мәліков пен Нұрдәулет Әбсаттаров (дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты), Асылхан Кенжебек («Spectrum» халықаралық мектебі).

Информатика пәнінен 310 қатысушы қатысса, солардың ішінде елордалық 5 оқушыға қола медаль бұйырды: Темірлан Жарылғамысов пен Арман Исаев (дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты), Ерсұлтан Әбжәми, Ілияс Шермаханов және Мұхитали Төлеген ((«NURORDA» мектеп-лицейі).

Жас зияткерлерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!