Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІV кезеңі

2022 жылдың 21-25 ақпан күндері Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІV кезеңі өткізіледі. Нұр-Сұлтан командасы атынан 23 елордалық мектептен 46 оқушы жалпы саны 35 жоба қорғайды. Жобаларды қорғау Шымкент қаласындағы Жеңілатлетика спорт кешенінде өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласы командасына сәттілік және жеңіс тілейміз!