Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада ІІ (аудандық) кезеңінің қорытындысы

2022 жылғы 14-22 ақпан күні республика бойынша бір мезгілде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының екінші аудандық кезеңі өтті.

         Пәндік олимпиада – оқушылардың оқытылатын пәнге деген қызығушылықты арттыруға, дарынды оқушыларды анықтауға, мектеп оқушыларының өз білімдері мен қабілеттерін тексеруге және сыни тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін  білім мен дағдылардың таптырмас құралы.

         Олимпиада IT University базасында өткізілді.

         Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының 101 білім беру мекемесінен барлығы 2994 оқушы, оның ішінде: 9-сыныптан – 1145 оқушы, 10-сыныптан – 1060, 11-сыныптан – 1011 оқушы қатысты.

         Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар саны (9-11 сыныптар) 1071, оның ішінде: 1 орын – 145; 2 орын – 355; 3 орын – 571 және Диплом – 541.

         9-11 сынып аралығындағы 2994 оқушының ішінде ең көп ұпай жинаған 1071 қатысушы республикалық олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алды.

         Аудандық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен және «Астана Дарын» ДДжПСО дипломдарымен марапатталады.

         Қалалық кезеңге мамандандырылған мектептер де қатысады: №9 «Зерде», БИЛер, БИЛқыз, №82 «Дарын» және «НұрОрда» МЛ.

         2022 жылы олимпиада өзгеше форматта өтті және кестеге сәйкес 3 кезеңде өткізілді.

         Олимпиада барысында академиялық адалдықты сақтау үшін қатысушылардың барлық жұмыстары, тапсырмалары мен пәндер бойынша дұрыс жауаптары, сонымен қатар хаттамалар дәл сол күні Орталықтың сайтында және Telegram каналында орналастырылды.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың ұстаздары мен ата-аналарын аудандық кезеңдегі жетістіктерімен құттықтаймыз, қалалық кезеңде де сәтті өнер көрсетулеріңізге тілектеспіз!