Отбасы, мектеп пен қоғамның ұрпақ тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» вебинары

2022 жылғы 19 ақпан күні І.Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназиясында «Отбасы, мектеп пен қоғамның ұрпақ тәрбиесіндегі ынтымақтастығы» атты оффлайн форматта ата-аналарға арналған семинар өтті. Семинарда «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Ж. Бодикова спикер ретінде қатысып, «Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тақырыбындағы баяндамасында ата- аналарға отбасындағы тәрбие жайында кәсіби қолдау, бағыттау туралы құнды ақпараттар берді.
Семинар мақсаты – ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту, мектеп пен қоғамдағы құндылық тәрбиесін қалыптастыру.
Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті және мектеппен бірлесіп, ата-аналармен біріккен жұмыстардың жалғасуын қолдады. Семинар спикері қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Семинарға 120 ата-ана қатысты.
Қатысушылар осы мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.