«Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» вебинары

2022 жылғы 18 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған «Қазіргі бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» тақырыбында онлайн форматта вебинар өтті.
Вебинар мақсаты – ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен мектептің белсенді ынтымақтастығын нығайту.
1) Бала тәрбиесіне жауапты тәрбиеші ата-ана екенін сауалнама жүргізе отырып кеңес беру;
2) Бала тәрбиесінде әке рөлінің маңыздылығы;
Вебинар скипері «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері Л.Ж. Бодикова ата-аналарға бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамытуға, ынталандыруға кеңес берді. Вебинарда баланың рухани, сезімтал дамуына ата-ана өз үлесін қосу үшін атқаратын шараларға бағыт берілді. Сонымен қатар ата-анаға оң нәтиже шығаруға арналған іс-әрекетке бағыттап, толыққанды жетілдіруге кеңестер берілді. Ата-аналар өміріміздің ең мәнді өзегі, тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеудегі тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін атап өтті және мектеппен бірлескен ата-аналармен жұмысты жалғастырып отыру керек деген тұжырым жасады. Вебинарға 37 ата-ана қатысты.