Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – информатика, физика және математика пәндері бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын өтетін командалық білім додасы.
Олимпиада 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиадаға әртүрлі елдерден оқушылар командасы қатысады. Әр командада 3 математик, 2 физик, 2 информатик және 2 жетекші бар. Қатысушылардың саны аз командалардың немесе бір елдің әртүрлі мектептерінен құрама қатысуына рұқсат етіледі.
Тапсырмалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Нәтижелер әрбір пән бойынша жеке есепте және жалпы ұпай саны бойынша командалық есепте шығарылады.
Бүгін яғни 16 ақпан күні мектеп оқушыларының XVIII халықаралық Жәутіков олимпиадасының ашылу салтанаты өтті.
Олимпиада 16-17 ақпан аралығында қашықтықтан өтеді. Бүгін олимпиаданың 1-ші кезеңі, ертең 17 ақпанда 2-ші кезеңі өтпек.
Нұр-Сұлтан командасының құрамында 6 мектептен (БИЛ, «NURORDA» МЛ, «SPECTRUM», №9 «Зерде», Экономикалық лицей, «HAILEYBURY» мектебі) 26 оқушы бар.
Жеңімпаздар есімі 23 ақпанда белгілі болады. Елордалық командаға сәттілік тілейміз!