Физика, математика пәндері бойынша олимпиада

Бүгін 16 ақпан күні  елордалық 9-11 сынып зияткер оқушылары  физика,  математика пәндері бойынша олимпиада тапсырмаларын орындауда.

Олимпиада тікелей эфирде көрсетілуде. Олимпиададан соң оқушылармен кәсіби бағдарлау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың жұмыстары мен хаттамалар Орталық сайтында және Telegram каналында жарияланады.