Елордалық жас зерттеушілер 2022 жылдың 9-11 ақпаны аралығында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен ұлттық «Зерде» ғылыми-зерттеу жобалары мен 2-7 сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарының республикалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, жеңістерімен бізді тағы бір қуантты.
Нұр-Сұлтан қаласы атынан 17 білім беру мекемесінен 39 оқушы жобалар жарысына 27 жоба ұсынды.
Елордалық мектеп оқушылары өз жобаларын сәтті қорғап, жүлделі орындарға ие болды:
Бас жүлде – 3 (№50 МЛ, No82 «Дарын» мамандандырылған лицейі (2), 1 орын – 12 (№3 (2), 74 МЛ) , № 64 МЛ (3 ), 40 МЛ (2), №72, №73, МЛ №82 «Дарын» (2) ), ІІ орын – 8 (№17 МГ, № 70 (3), №40 №82 «Дарын» Л (3))
ІІІ орын – 6 (№52 (2), №6 (2), №54 (2)) және 8 грамота (№91 МЛ, №81 МЛ, 87(2), №1 МЛ (2), №82 «Дарын», (2)) – бұл елордалық оқушылардың көрсеткен үздік нәтижесі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың жетекшілері мен ата-аналарын құттықтаймыз,
Баршаңызға ақ жол тілейміз!