«Ата-аналар клубы» диалог алаңы аясында «Психологиялық сау тұлға: нормалар мен ауытқулар » тақырыбында өткен вебинар

№ 15 мектеп-лицейі ата-аналар комитетінің бастамасымен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі 2022 жылғы 12 ақпан күні «Ата-аналар клубы»қалалық қоғамдық диалог алаңы аясында «Психологиялық сау тұлға: нормалар мен ауытқулар» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты: ата-аналар қоғамдастығының кәмелетке толмағандардың психологиялық саулығын қорғауға, жас буынның аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттың теріс әсеріне назарын наудару.
Вебинар онлайн режимде ZOOM интернет-конференциясында өткізілді. Модератор «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы (ҚР), әлеуметтану ғылымдарының докторы (РФ), профессор Александр Николаевич Тесленко ата-аналарды жасөспірімдердің тұлғалық даму ерекшеліктерімен, аутодеструктивті мінез-құлықтың негізгі белгілерімен, балалардың жеке дамуына кері ықпалы және салдарымен таныстырды.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың суицидтік тәуекелділіктің факторларын анықтау кезінде ата-аналардың іс-қимыл алгоритмдері қарастырылды және осы контексте жасөспірімдермен қарым-қатынас жасау бойынша ұсынымдар берілді.
Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуда отбасы мен мектептің әлеуметтік әріптестігі мәселесіне ерекше назар аударылды.