Ағымдағы жылдың 9 ақпанында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» ұлттық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының республикалық кезеңі басталды.
Бүгін өз жобаларын 5-7 сынып оқушылары, ал 10 ақпанда 2-4 сынып оқушылары қорғайтын болады.
Конкурсқа республиканың түкпір-түкпірінен 2-7 сыныптардың 400-ге жуық оқушысы қатысады.
Нұр-Сұлтан қаласының командасын 17 білім беру мекемесінен 39 оқушы құрайды.
Жас зерттеушілеріміз сәттілік пен жеңіс тілейміз!