Екі күн қатарынан елорда төрінде 2-7 сынып оқушыларының ұлттық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсы қалалық кезеңі өтті. Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінен 709 жобамен барлығы 809 оқушы қатысты.
3 ақпанда 2-4 сынып оқушылары, ал 4 ақпан күні 5-7 сынып оқушылары қазылар алқасы алдында ғылыми жобаларын қорғап, нәтижесінде 420 ғылыми жобамен 453 жас зерттеуші жүлделі орындарға ие болды.
Бұл конкурс оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық деңгейін арттыру, бастауыш және орта мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту мен шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жас зерттеушілерді қолдау мақсатында өткізіледі.
17 білім беру мекемесінің 39 оқушысы (№1 МЛ(2), №3 МГ (2), №6 г (2), №17 МГ, №40 МЛ(3), №50 МЛ, №52 МГ (2), №54 МЛ (2), №64 МЛ (3), №72МЛ, №73 МЛ, №74 МГ, №81 гимназия, №82 «Дарын» МЛ (9), №87 МГ (4), №91 МГ оқушылары ғылыми жобаларын сәтті қорғап, республикалық кезеңге жолдама алды.
Жобалар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, тікелей эфирде көрсетілді.
Республикалық кезең «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2022 жылдың 9 ақпаны мен 11 ақпаны аралығында өтеді.
Барша елордалық жас зерттеущілерімізге сәттілік пен жеңіс тілейміз!