Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінің соңғы күні

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңі аяқталуға жақын. Бүгін, 2022 жылдың 5 ақпанында 7-8 сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен білім деңгейлерін сынауда. Олимпиада №11 мектеп-лицейі базасында офлайн режимінде өтуде.

https://youtube.com/shorts/UlFPKl6geZQ?feature=share