Мектепке дейінгі педагог- психологтердің семинары

2022 жылдың 4 ақпаны күні «Астана дарыны» ДДжПСО жоспарына сәйкес «Жас психолог мектебі» оқыту семинары аясында мектепке дейінгі мекемелердің педагог- психологтеріне онлайн форматта вебинар өтті.
Вебинар мақсаты: Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелері және қызметтік құжаттарды жүргізу талаптарымен таныстыру.
Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері М.С. Боранбаева «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» туралы презентациямен таныстырып, аттестаттау талаптарына сай педагог -психологтердің практикасын жетілдіру тәсілдеріне қатысты ұсыныстар айтты.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің жетекшісі А.К. Исабекова педагог-психолог қызметінің негізгі бағыттары мен кәсіби қызмет саласына қатысты істер номенклатурасын жүргізу бойынша кеңестер берді.
Вебинар барысында қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып,қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Балалармен жүргізілген диагностикалық жұмыстардың нәтижелерін өңдеу және оны сақтау мәселесі бойынша психологтердің өзара пікір алмасуына, кеңес алуларына мүмкіндік жасалды. Вебинараға 48 педагог- психолог қатысты.
Мектепке дейінгі мекемелер педагог- психологтеріне әдістемелік және практикалық көмек беру жұмыстары жалғасатын болады.