Экология және климаттың өзгеруі саласындағы инновациялық мектеп жобалары конкурсы

«Астана    дарыны»  ДДжПСО  «Қоғамдық   маңызы  бар   бастамаларды дамыту қоры» 9-12 сынып оқушылары арасында экология және климаттың өзгеруі саласындағы инновациялық мектеп жобалары конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – әртүрлі бағыттағы экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурсқа келесі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:

  1. Су
  2. Ауа
  3. Жер
  4. Энергия
  5. ҚТҚ бөлек жинау
  6. Биоалуантүрлілік

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 11 ақпанға дейін Конкурс платформасының көмегімен жүзеге асырылады: www.climatechangecompetition.kz /

Ұйымдастырушылардың байланыс тел: +7(701) 527-19-88 – Арсен Базылов е-mail: info@privatefund.kz