«М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсы

  «Астана    дарыны»   ДДжПС  орталығы   мен  М.О.   Әуезов    атындағы  №86 мектеп-гимназиясыныңұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «М.О. Әуезовтің рухани шәкірттері» атты қалалық ғылыми жобалар конкурсын офлайн форматта өткізетінін хабарлайды.

Конкурстың мақсаты: мектеп оқушыларын жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, насихаттау, зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, жазушы шығармаларының рухани құндылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

         Конкурс екі кезеңнен тұрады:

  1. Іріктеу кезең (ғылыми жобалар сараптамадан өтеді) – 25 ақпанға дейін жұмыстар 86mektep.gimnaziya@bk.ru мектеп поштасына жіберіледі. Сараптаманың қорытындысы 11 наурыз күні жарияланады.
  2. Қалалық кезең – 15 наурыз күні М.О. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясында өтеді (Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, А.Бөлекпаев 20).

Секциялар атауы:

1. М.О.Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы орны.

2. М.О. Әуезов және тарих.

3. М.О. Әуезов және әлем әдебиеті.

Қосымша ақпарат алу үшін 87011092507 / 87021501068 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.