«Алтын сақа» олимпиадасы

«Астана  дарыны»   дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу  орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен бірлесе отырып,  2022 жылдың   ақпан  айында 3-4 сынып оқушылары арасында математика  пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасын  офлайн режимінде   өткізетінін   хабарлайды.

Олимпиаданың негізгі міндеттері, қатысу шарты, өткізу және  жалпы бағалау критерийлері ережеде  берілген. 

Олимпиада 2 кезеңнен, екі тілде өтеді:

І кезең – мектепішілік (әр сыныптан 5-8 оқушыға дейін қатыса алады);

ІІ кезең – қалалық (І кезеңнен жоғары ұпай жинағандар қатысады); 

Жеңімпаздар саны әр мектептен 4 оқушы (3-сыныптан  2 оқушы, 4- сыныптан 2 оқушы).

         Олимпиаданың өтетін уақыты:

І кезең  мектепішілік –7-12 ақпан  аралығында;

ІІ кезең қалалық – 26 ақпан.

Олимпиадаға  қатысу үшін  сұранысты  төмендегі  сілтеме  бойынша

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSem4EJ3dD6zJUuDuKrZbvt4kXiKL4M8ca0BMxDMq3_qqArGUw/viewform?usp=sf_link

 5-ші ақпанға дейін   жіберулеріңізді  сұраймыз.

Қосымша  сұрақтар бойынша  байланыс  телфоны:   +7-702-933-18-75;  

+7-701-024-18-75