Мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуына бағытталған көптеген жұмыс әдістерінің ішінде пәндік олимпиадалар ерекше орын алады.
Жасөспірімдер олимпиадасының негізгі мақсаты – жас зиялыларды анықтау және қолдау, түрлі деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары сапалы өнер көрсету үшін олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Жасөспірімдер олимпиадасы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Жаңа 2022 жылы Олимпиада басқаша, жаңартылған форматта өтеді.
Олимпиада 2 бағыт бойынша 2 ақпанда басталады:
• 2-3 ақпан – жаратылыстану бағыты;
• 4-5 ақпан – қоғамдық-гуманитарлық бағыт.
Олимпиаданың өтетін орны, күні және кестесі «Астана дарыны» орталық өңірлік даму және басқару орталығының сайтында орналастырылады.