2-7 сынып оқушыларына арналған Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсы

«Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №667/15-11-06 хаты негізінде Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық деңгейін көтеру, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, балалардың фундаменталды және қолданбалы ғылымға қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізілетін 2-7 сынып оқушыларына арналған Ұлттық «Зерде» балалардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар қалалық конкурсы 2022 жылдың 3-4 ақпанда өткізілетінін хабарлайды (ары қарай Конкурс).
Өткізілетін орны: Нұр –Сұлтан қаласы, №70 МЛ.
Мекен-жайы: Майқайың көшесі 1, тел. 50-60-90 (95)
Өткізілетін мерзімі: 3-4 ақпан 2022 жыл.
Конкурстың басталуы:
2-4 сынып оқушылары үшін 3 ақпан сағат 8.00.- 8.45. тіркеу, сағат 9.00. басталуы.
5-7 сынып оқушылары үшін 4 ақпан сағат 8.00.-8.45. тіркеу, сағат 9.00. басталуы.
Қосымша мәліметтерді «Астана дарыны» е-mail: astanadaryn@mail.ru, 87021228396 ұ.т. арқылы білуге болады.