Robotek Grand Tournament

2022 жылғы жоспарға сәйкес «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Роботек» оқу робототехника мектебімен бірлесе отырып мамыр айының 1-ші онкүндігінде робототехникадан «Robotek Grand Tournament» қалалық чемпионатын өткізеді.
Чемпионаттың мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау
Чемпионатқа 7 номинация бойынша 10 мен 17 жас аралығындағы оқушылар командалары қатыса алады.
Чемпионатқа қатысу үшін сұранысты 2022 жылғы 18 наурызға дейін robotek.gt@gmail.com электрондық поштаға жіберу қажет.
2022 жылдың 4 сәуіріне дейін Чемпионатты ұйымдастыру комитеті өтінімдерді Ереженің талаптарына сәйкестігін тексеріп, командаларды жарысқа жіберу туралы шешім қабылдайды. 2021 жылдың 6 сәуірінен кешіктірмей финалдық жарыстарға қатысатын командалардың тізімі robotek.kz сайтта орналастырылады.
Барлық сұрақтар бойынша +7(700) 772-28-31 (WhatsApp нөмірге), e-mail: robotek.gt@gmail.com поштасына жаза аласыз .