«Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» республикалық оқу-әдістемелік семинары мен «Алтын тұғыр» олимпиадасының қорытындысы

  2022 жылғы қаңтар айының 5-6 күндері «Дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «ZERDELI» акыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан қаласының №70 мектеп-лицейінде  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасы мен «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар мен Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерін математика пәнінен олимпиадаға дайындаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық аспектілеріне оқыту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Аудандық, республикалық олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдерін және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін талқылау.

Олимпиада мұғалімдердің зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасауға, математиканы оқыту процесін жетілдіруге; жоғары кәсіби мұғалімдерді анықтау және қолдауға, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтардың біліктілігі мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Олимпиадаға  6 елордалық білім беру мекемелерінен 10 педагог қатысып, диплом  және грамоталармен марапатталды.   

I дәрежелі диплом иегері:

 Мырзали Гүлшат Сахтижанқызы – № 66 МЛ

II дәрежелі диплом иегерлері:                                                                                                                                                                                                                                           

Сомтемирова Лилия Коянбаевна – № 66 МЛ

Беркимбаева Камилия Абдиазизовна – №64 МЛ,

Сакенова Асемгул Сериктаевна – №82 «Дарын», 

Кабакова Анар Максутовна – №87 МГ

III дәрежелі диплом иегерлері:

Aхметкалиева Каламкас Кабдрашитовна – №82 «Дарын», 

Курмангалиева Гулнур Мирашовна – №87 ШГ

Грамотамен марапатталғандар:

Абильмажинова Бейнегуль Абильмажиновна –  Экономикалық лицейі, 

Жагипарова  Каршыга  Конысбековна –  Г №81 «Astana English school», 

Исагалиева  Нургул Сагидоллаевна – Г №81 «Astana English school» 

Құттықтаймыз!