ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАЛАР МЕН КОНКУРСТАР
2021 жылдың желтоқсан айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы 12 іс-шара өткізді, оның ішінде 5 халықаралық 3 республикалық және 4 қалалық. Аталған іс-шараларға Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 518 оқушы қатысып, 342 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:
I орын – 28;
II орын – 60
III орын – 254;
Грамота – 31
Алтыншы жыл қатарынан Қарағанды қаласында «ROBOLAND» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өткізіліп келеді.
2021 жылдың 3-4 желтоқсанында өткен фестивальге 11 аймақтан 280 оқушы, 141 команда қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласының командасы атынан №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінен, №60 МЛ, №68 МГ, №38 МЛ, №40 МЛ және «Орталық» экономикалық мектебінен, барлығы 6 елордалық қатысты.
Елордалық оқушылар фестивальде сәтті өнер көрсетіп, келесі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды:
Теңге алу
І орын – Robotek Stars, «Роботек» робототехника мектебі («Орталық» экономикалық мектебі)
Шығармашылық категория 2
ІІІ орын – 5+1, Нұр-Сұлтан қ. №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі
Cумо GRAND (14-17 жас) номинациясының екінші күн қорытындысы бойынша ІІ орын – RoboPark Astana 1, Нұр-Сұлтан қ Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі.
Жалпы командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласы ІІІ орынды иеленді.
2021 жылғы 6-9 желтоқсан аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде оқушыларға арналған халықаралық «Таланттарды даярлау зертханасы» олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға Әзірбайжан, Ресей, Беларусь, Армения, Тәжікстан, Қазақстан т.б. елдердің командалары қатысты.
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы ғылымдарға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, дарынды балалардың зияткерлік дамуына қолдау көрсету үшін қажетті жағдайлар жасау, жастар арасында ғылыми білімді тарату және дәріптеу боп табылады.
15 жасар жас зияткерлер бұл олимпиадада физика, математика, химия пәндерінен өз білімдерін таразыға салды.
Қазақстан құрамасы намысын Нұр-Сұлтан, Павлодар, Тараз қалаларының оқушылары қорғады.
Жоғары нәтиже көрсеткен екі оқушы Олимпиада жүлдегерлері атанды, екі үздіктің біреуі Нұр-Сұлтан қ. «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы Олжас Мақажанов күміс медаль иеленді.
VI Халықаралық мегаполистер олимпиадасы 2021 жылғы желтоқсан айының 6-23 күндері 14-18 жас оқушылар арасында математика, информатика, химия және физика пәндерінен қалаларға таратылған жергілікті онлайн форматта өткізілді.
Биылғы оқу жылында әлемнің 34 ірі мегаполисі өз командаларын таныстырды. Нұр-Сұлтан қаласынан дарынды ер балаларға арналған «БИЛ» және «NURORDA»мектеп-лицейі командалары қатысты.
Олимпиада блиц-тур мен екі негізгі турды қамтыды.
Блиц турнирде елордалық команда «the Blitz – Contest results» рейтингісінде Prize-winner сыйлығының лауреаты атанып, 11-ші қатарға орнықты.
Елордалық оқушылар тартысты додада жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға ие болды. Жеке есепте қатысушылар үш қола медальмен марапатталды. Медаль иегерлері:
Әлихан Алпыспеков – дарынды ер балаларға арналған «БИЛ», математикадан қола медаль;
Мұхаммед Нағашбек- «NURORDA» МЛ, математикадан қола медаль;
Нұрдәулет Назарбай- «NURORDA» МЛ, физикадан қола медаль.
2021 жылдың 7 желтоқсанда 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиадасының (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын, Қазақстан тарихы, математика, қазақ сыныбындағы орыс тілі, орыс сыныбындағы қазақ тілі, математика және жаратылыстану) ІІІ (қалалық) кезеңі №92 мектеп-лицейде өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы 64 білім беру мекемелерінен барлығы 155 (5-сыныптардан 74, 6-сыныптардан 81) оқушы қатысты.
Республикалық кезеңге 16 оқушы жолдама алды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 121 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде: І орын – 12, ІІ орын – 31, ІІІ орын – 51, грамота – 27.
2021 жылдың 7-9 аралығында Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында «ProEco» конкурсының республикалық кезеңі 4 бағыт бойынша өтті:
1 бағыт – «Туған өлке табиғаты»;
2 бағыт – «Мені қоршаған әлем — ғажайып әлем»;
3 бағыт – «Үздік экологиялық бастама»;
4 бағыт – «Таза қала сізден басталады».
Конкурстың мақсаты – оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты арттыру.
Нұр-Сұлтан қаласының қалалық кезеңде 1 орын алған оқушылары өз жұмыстарымен республикалық кезеңде бақтарын сынады:
«Туған өлкенің табиғаты» – Ашкен Тоғжан, №66 МЛ;
«Үздік экологиялық бастама» – Серік Еңлік, №64 МЛ;
«Таза қала сізден басталады» – Тұрғазы Арайлым, №92 МЛ.
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «ProEco» республикалық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
«ProEco» конкурсының республикалық кезеңінде өнер көрсеткен елордалық оқушылар өздерінің қызықты жобаларын ұсынып, келесі номинациялар бойынша конкурс жүлдегерлері атанды:
«Үздік экологиялық бастама» – Серик Енлик, №64 МЛ – ІІ орын;
«Туған өлке табиғаты» – Ашкен Тогжан, №66 МЛ – ІІІ орын;
«Таза қала сізден басталады»- Тургазы Арайлым, №92 МЛ – грамота.
«Астана дарыны» ДДжПС орталығы мен «Zharkyn Smart school» жеке мекемесі бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай І қалалық «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты оқушылар айтысын Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары арасында «Zharkyn Smart school» жеке мекемесінде 2021 жылдың 10 желтоқсан күніөткізді.
Қалалық айтысқа 11 мектептен барлығы 16 оқушы қатысуға сұраныс берді: №4МГ, №42ОМ, №52 МГ, №67 Г, №70 МЛ, №71 МЛ, №83МГ, №86 МГ, №87 МГ, №92 МЛ, «Zharkyn smart school» ЖМ;
Айтыстың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – №52 МГ;
І орын – №4 МГ;
ІІ орын – «Zharkyn smart school» ЖМ, №86 МГ;
ІІІ орын – №52 МГ, №71 МЛ; №92 МЛ;
Грамота – №70 МЛ, №67Г, №87 МГ.
2021 жылдың 11 желтоқсанында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, 30 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Тәуелсіздікке және мектеп-гимназиясының 10 жылдығына орай «Fan Robotics» атты қалалық робототехника байқауы ұйымдастырып, өткізді.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оқу робототехникасын кеңінен насихаттау, инженерлік дағдыларды қалыптастыру.
Конкурсқа елордалық 29 мектептен 10-16 жас аралығындағы (4-10 сынып оқушылары) 75 жас дарын қатысты.
Жарыс екі жас тобында өткізілді: 10-13 жас және 14-16 жас аралығындағы оқушылар.
Жарыстың түрлері:
- «Сумо мини»;
- «Лабиринт»;
- «Кегельринг»;
- «Қызыл түс, жасыл түс».
Конкурсқа қатысушылар логикалық басқару принциптеріне негізделген микропроцессорлық тақталар (Arduino, LEGO және т.б.) негізінде құрастырылған роботтарды пайдаланды.
Жүлделер төмендегі номинациялар бойынша бөлінді:
Сумо мини:
1 орын – Ерғасым Нұрсұлтан – ШГ №4, Алимов Алихан – школа «Зерде» №9;
2 орын – Вотякова Виктория – СШ № 41, Жанаберген Бакдаулет – ШГ №68;
3 орын – Дильшат Улагат – ШГ №58, Бахит Рамазан – ШГ №80, Юдин Ярослав – ШЛ № 27, Павлюков Кирилл – ШЛ № 62.
Лабиринт:
1 орын – Ждаморова Ариана – СШ № 41, Есенғали Диас – ШГ №68;
2 орын – Мықтыбай Санжар – школа «Алпамыс», Карабалин Алибек – ШЛ №38;
3 орын –Макимов Санжар – ШГ №58, Гусманов Ильяс – ШЛ №88, Новиков Андрей – Г №6, Толегенов Алихан – школа «Зерде» №9;
Кегельринг:
1 орын – Шакенов Джахангир – ШГ №87, Ермухаметов Джалил – ШГ №75;
2 орын – Наби Азамат – ДШ им.Аль-Фараби, Калабай Мадияр – ШЛ № 38;
3 орын – Дусимбек Санжар ШГ №58, Аманов Тамерлан – ШЛ №88; Пшембаев Нурсултан – СШ №41, Шевченко Ратибор – Г №6;
Қызыл түс, жасыл түс:
1 орын – Сабитқызы Аяулым – ШГ №87; Қайыргелді Ерсұлтан – ШГ №68;
2 орын – Шоқан Батырхан – ШГ №58, Нұрдаулет Сағи – ШГ №83, Шуба Тихон – ШГ №75;
3 орын – Серик Хамза – школа «Алпамыс», Женисканова Жанна – ШЛ №38; Бусурманов Еркебулан – школа №9 «Зерде», Сулеймен Умар – ШЛ №62.
Информатика пәнінен Xlll Еуразия олимпиадасы 2021 жылдың желтоқсан айының 11-12 күндері Алматы қаласы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде өтті.
Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен ынтымақтастық келісімшарты негізінде бірлесіп өткізілген олимпиаданың мақсаты есептеу ғылымдары саласында талантты, шығармашылық қабілеті жоғары жастарды анықтау, оқугылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру және ақпараттық мәдениетін дамыту болып табылады.
Жыл сайын олимпиада іріктеу мен соңғы қорытынды тур бойынша ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтан қаласынан екі команда дарынды ер балаларға арналған «БИЛ» және бір команда «NURORDA» мектеп-лицейінен, барлығы 3 команда іріктеуден өтіп, соңғы турға қатысты.
Қатысу нәтижесі бойынша елордалық оқушылар жүлделі орындарға
«NURORDA» мектеп-лицейі күміс медаль, «БИЛ» (ер) қола медаль иеленді.
2021 жылдың 13 желтоқсан күні экономикалық лицейде 5-6 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. Оқушылар математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі, жаратылыстану пәндерінен өз білімдерін сынады.
Республикалық кезеңге Нұр-Сұлтан қаласынан қалалық кезең жеңімпазы атанған 18 оқушы қатысты.
Елордалық жас зияткерлер олимпиадада сәтті өнер көрсетіп, төмендегідей орындарға ие болды.
І орын:
Миразимов Сайдамин, 5 сынып№62 МЛ-орыс тілінде оқытылатын қазақ тілі;
Курман Мади, 5 сынып Х.Ж. Садуақасов атындағы Елордалық мектебі-орыс тілі;
Искакова Амина, 5класс №83 МГ-қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі;
Бекім Мерей, 6 сынып, №59 МЛ-жаратылыстану.
ІІ орын:
Ағыбаев Ануар, 6 сынып №66 МЛ-математика;
Сайдигани Рамазан, 5 сынып, №67 Г-қазақ тілі.
ІІІ орын:
Косырев Ярослав, 6 сынып, экономикалық лицей-орыс тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі;
Кусаинбеков Айтур, 5 сынып, экономикалық лицей;
Искаков Нуртас, 6 сынып, №85МЛ-Қазақстан тарихы;
Айтжанова Ания, 6 сынып, №82 «Дарын» Л-қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі орыс тілі;
Сабыржан Айша, 6 сынып, №56МЛ-қазақ тілі;
Қожахмет Маулен, 5 сынып, «Нұрорда» лицейі-жаратылыстану;
Арыстанбек Айша, 5 сынып, №82 «Дарын» Л.-жаратылыстану;
Ягмуров Ален, 5 сынып «Орталық экономикалық мектебі.
Грамота – Құмарбек Сұлтан, №82 «Дарын» Л – математика.
14 желтоқсан күні №92 мектеп-лицей базасында «Алтын сака» республикалық олимпиадасы қалалық кезеңінің жүлдегерлері мен жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – олимпиадалық резервті қалыптастыру, математикаға қабілетті оқушыларды анықтау, оқушылардың математикалық ұғымдарды талдау, сыни тұрғыдан ойлау, күрделі есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
Список победителей по 5 классам:
І орын –
1. Айтбек Расул, №84 МЛ,
2. Кушай Ибрагим, №66 МЛ.
ІІ орын –
1. Маулет Ескендир, № 76 МЛ,
2. Ашитов Омар, №1 МЛ,
3. Мектепан Ерторе, №70 МЛ,
4. Курманбеков Темирлан, №92 МЛ,
5. Серик Асылмурат, №59 МЛ,
Список победителей по 6 классам:
І орын
1. Уласхан Талап, №71 МЛ,
2. Алмас Альфараби, №66 МЛ,
ІІ орын
1. Агыбаев Ануар, №66 МЛ,
2. Дуйсебаев Ескендир, №73 МЛ,
3. Мади Марат, №37 МЛ,
Қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша «Үздік команда», номинациясында:
«Гран-при» – №66 МЛ;
І орын – ШЛ №76 и ШЛ№71.
ІІ орын – ШЛ №59, ШЛ №70, ШЛ №84.
ІІІ орын – ШЛ №73, ШЛ №15, ШЛ №37.
«Елбасы медалі» жобасы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында әзірленген. 2020 жылы басталған «Елбасы медалі» ұлттық жобасына 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандық белсенді жастар қатысты.
«Елбасы медалі» жобасының алғашқы күндерінен-ақ елордалық оқушы жастар белсенділік танытып, Нұр-Сұлтандық 178 ұл мен қыз қола медальға ие болды.
2021 жылдың 24 желтоқсанында Мемлекеттік академиялық филармонияда «Елбасы медалін» салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Барлық бағыттар бойынша тапсырмаларды сәтті орындаған тағы 178 елордалық жастар, оның ішінде 9 күміс, 169 қола дәрежедегі «Елбасы» медалін жеңіп алды.
Медальдарды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Жастар және отбасы істері бойынша комитетінің төрағасы, қоғам қайраткерлері, «Елбасы Академиясы» КҚ ресми өкілі, Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры табыстады.
«Елбасы медалі» – спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі сияқты қызмет салаларындағы белгілі талаптарды сәтті орындаған жеңімпаздарға берілетін ерекше марапат.
«Елбасы медалі» бағдарламасы бірнеше деңгейден тұрады – олардың әрқайсысы белгілі бір жасқа сәйкес келеді және өзіндік өту мерзімі бар: Қола деңгейлі: 14 жастан бастап қатысушылар, ұзақтығы 6 ай; Күміс деңгейлі: 15 жастан бастап қатысушылар – 12 ай; Алтын деңгейлі: 16 жастан бастап қатысушылар, 18 айдан кем емес.
«Елбасы медалі» бағдарламасы – көшбасшылардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымы бар Қазақстан азаматтарын мақсатты түрде дамыту, бұл олардың интеллектуалдық, физикалық және тұлғалық жағынан дағдылары мен қабілеттерін толық көрсетуге мүмкіндік береді.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК БӨЛІМІ
«Астана дарыны» ДДжПСО «Педагогикалық шеберлік бөлімі» елордалық білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне арналған келесі іс-шаралар өткізілді:
1. 2021 жылғы желтоқсан айының 2, 3, 6, 7, 14, 27 күндері аралығында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Пәндік олимпиадаға дайындық пен біліктілікті арттыру стратегиялары» тақырыбында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша семинар өткізді.
Семинарға оқушылары қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жалпы білім беру пәндері олимпиадасының нәтижесі бойынша «Астана дарыны» ДДжПСО-ның рейтингіне енген 59 мектептен 195 мұғалім қатысты .
Семинарға қатысушылар олимпиадаға дайындық деңгейін арттыру, неге назар аудару керектігі, оқушыларды ынталандыру туралы ұсыныстар жасады. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша елорда мұғалімдері сертификаттарға ие болды.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан
Республикасының Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және мұғалім кәсібінің мәртебесін арттыру мақсатында пәндер бойынша олимпиадалардың (қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі) жеңімпаздар мен жүлдегерлер дайындаған ұстаздардан педагогикалық қауымдастықтар (ассоциация) құрылды.
3. «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңіне қатысуға ниет білдірген 40 елордалық мектептің 97 педагогтерінен сұраныс түсті. Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан 2022 жылдың 5-і қаңтары аралығында қатысушылардың жұмыстарын плагиатқа тексеру және сараптау жүргізіледі.
4. 2021 жылғы 4-5 желтоқсанда Алматы қаласында математика, физика, информатика мұғалімдеріне арналған VIII Халықаралық шығармашылық байқау өтті. Аталған байқауға елордалық мектеп мұғалімдерінен дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің мұғалімдері Катепбай Айна мен Егизек Бахболат, ал Есенбеков Самат Талғатұлы – дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің мұғалімі қазылар алқасы ретінде шақырылды. Барлық мұғалімдерге сертификаттар берілді.
5. «Астана дарыны» журналының мерейтойлық нөмірінің материалы жиналды.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ
Психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен желтоқсан айында 14 іс-шара өткізілді. Іс – шараға қатысушылар саны – 1988.
1. 2021 жылы 30 қараша мен 21 желтоқсан аралығында білім берудегі жағдайларды ретке келтіру медиациясын насихаттау және жанжалдарды шешуде делдал ретінде медиаторларды даярлау үшін «Мектеп медиациясының психологиялық – педагогикалық негіздері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинараға қатысу үшін онлайн тіркеуден 201 адам өтті.
2. Желтоқсан айының әр аптасының сейсенбі күндері8-10 сыныпоқушылары үшін №47 (офлайн) мектеп-гимназиясы және МЛ №72 (қашықтан) базасында«Татуласу мектебі: тең – теңімен»жобасы шеңберінде оқыту семинары өткізілді.Қатысқан оқушылар саны -46
3. Желтоқсан айының сәрсенбі күндері. оқушыларды мамандыққа бейіндеу, өз мамандығын таңдау және өзінің бейіндік бағытына қатысты алдын ала өзін-өзі анықтай алу дағдыларын дамыту мақсатында №60 МЛ базасында «Болашақ психологтер клубы» өткізілді. Қатысушы оқушылар саны-20
4. 2-15 желтоқсан аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бастамасы бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласы (Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа) аудандарының полиция департаменттері өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қоғамының назарын жас ұрпақтың зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан қорғауға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттың теріс әсерінен қорғау мақсатында вебинарлар сериясы өткізілді:
– 2 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданына қарасты мектептерде ата-аналар қоғамдастығының өкілдерімен «Балаларды қатыгездіктен қорғау» тақырыбында вебинар өтті. Вебинар YouTube-те таратыла отырып, ZOOM интернет-конференциясында онлайн режимінде өткізілді. Вебинарға қатысушылар саны- 844 (ZOOM алаңында 96, YouTube каналында 844).
– 3 желтоқсанда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының білім беру ұйымдарының ата-аналарымен «Жасөспірімдердің психосексуалдық дамуының ерекшеліктері: бұл туралы сөйлесейік» тақырыбында кезекті кездесуін өткізді. Отбасындағы және одан тыс жерлердегі жыныстық зорлық-зомбылық және оның алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Вебинарға ZOOM алаңында 43, youtube каналында 410. Барлығы 453 ата-ана қатысты.
– 8-9 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласы Есіл және Сарыарқа аудандарына қарасты мектептерде ата-аналар қоғамының өкілдерімен «Жастар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу шаралары», «Отбасындағы зорлық – зомбылық қарым-қатынас туралы. Әр ата-ана нені білу керек?» тақырыбында вебинарлар өтті. Вебинардың мақсаты – құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыруға, салауатты өмір салтын сақтауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ата-аналарға психологиялық көмек көрсету. Есіл және Сарыарқа аудандары бойынша вебинарға ZOOM алаңында 87, youtube каналында 184, барлығы-271 ата-ана қатысты.
– 13 желтоқсанда №62 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларымен «Отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық: қалай құрбан болмау керек?» тақырыбында интерактивті дәріс өткізілді. Іс-шараға 8-ші сынып оқушыларынан 38 адам қатысты.
5. 9 желтоқсанында «Жас психолог мектебі» аясында «Тәуекел тобындағы балалармен психологтың жұмысы» тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті. Семинарға білім беру мекемелерінен 35 педагог-психолог қатысты: №39 кешкі мектеп, МГ №№6, 26, 30, 32; МЛ №№ 1, 11, 15, 35, 60, 62, 72, 92, колледждер: Техникалық колледж, Сервис және туризм, Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжі, Жоғары сауда-экономикалық, Қазақстан -Швейцария-Америка колледжі, Республикалық Медицина академия.
6. 23 желтоқсанда психологиялық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәжірибелік психология» апталығы аясында колледж педагог-психологтері үшін «Амалтея» автоматтандырылған психодиагностикалық бағдарламасымен жұмыс бойынша тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинары өтті. Семинарда «Жоғары көлік және коммуникация» колледжінің педагог-психологі Э.Бегалиева «Амалтея» бағдарламасымен жұмыс жүргізу, қолдану тәсілдері туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінен 11 жас педагог-психологтер қатысты.
7. 23 желтоқсанда ата-аналардың психологиялық- педагогикалық білімін жетілдіру, арттыру және балалар мен ата-аналар арасында сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында №31 мектеп-гимназиясы базасында «Ата-аналар клубы» қоғамдық диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Қатысқан ата-аналар саны-27
8. 24 желтоқсан күні «Тәжірибелік психология апталығы» аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы № 65 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, «Ата-аналар клубы» қалалық қоғамдық диалог алаңында «Бұл қиын жас кезеңі: аңыздар мен шындық» тақырыбында ата-аналармен интерактивті кездесу өтті. Кездесу ZOOM интернет-алаңында онлайн конференция режимінде ұйымдастырылып, оған 38 ата-ана қатысты. 6-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге жасөспірімдердің жеке дамуының өзекті мәселелерін жедел физикалық даму, жыныстық жетілу, әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, жеке тұлғалық дағдарыс, ата-аналармен қарым-қатынас ерекшеліктері талқыланды. Ақпараттар барлық қатысушыларға қол жетімді болу үшін мектеп сайтына орналастырылды.
9. 20-27 желтоқсан аралығында елордалық білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі, мектеп және колледж) «Тәжірибелік психология» апталығы ұйымдастырылды. Мақсаты: елордалық психологиялық қызметтің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған ағартушылық-профилактикалық іс-шаралар арқылы білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру. Апталықтың іс –шаралары барлық білім беру мекемелерінде өткізілді. «Психология апталығы» іс- шараларын өткізуге белсенді қатысқан мектепке дейінгі мекемелерден («№15 «Дарын»), (№30 «Қайнар»), (№33 мектеп-балабақша кешені), (№72«Жанарым»), (№95 «Алматы») мектептерден – (№1, 6, 9, 10, 11, 17, 29, 36, 38, 42, 46, 49, 50, 56, 60, 62, 70, 72, 82, 84) және «Даналық», Техникалық, Жоғары сауда-экономикалық колледждерінің педагог-психологтерін ерекше атап өтуге болады.
10. 1-30 желтоқсан аралығында №4 МГ, Сервис және туризм колледжінде ЖӘТ(ГБР) отырысы өтті (12 адам).
«QABILET» КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
Ағымдағы жылдың қазан айында «QABILET» кәсіби бағдарлау қызмет бөлімі келесі жұмыстарды атқарды.
Оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша кәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру.
Кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне желтоқсан айында оқушылар және ата-аналардан түскен сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 6 мекемеден 7 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға кәсіби бағыттылық бойынша жеке кеңес берді. Оның ішінде:
- 9 сынып – 3 оқушы;
- 11 сынып – 4 оқушы;
- 5 – ата-ана.
Оқушылармен келесі диагностикалық әдістеме тесттері жүргізілді:
- Холланд әдістемесі – тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтап, психологиялық портретін шығару (кәсіби бағыттылығын, қабілетін, мүмкіндіктерін ескере отырып);
- Кәсіби мотивация – еңбекке деген мотивацияны анықтау;
- Йовайши әдістемесі – кәсіптік бағдар аймағын анықтау (мамандықтар);
- Т. Элерс, Г. Шуберт әдістемесі – сәтсіздікке дайындықты, мотивация деңгейі мен жеке мүмкіндіктер деңгейін анықтау.
«4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау.
Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан аралығында «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының https://qabilet.elbasyacademy.kz/ онлайн платформасында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің «4К» бойынша (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік) 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау жүргізілді.
Оқушылардың қабілеттерін бағалау бойынша тестілер зияткерлік, коммуникативтік және шығармашылық әлеуеті, сондай-ақ жоғары академиялық жетістіктері бар балаларды әрі қарай сүйемелдеп, кәсіби бағдарлау мақсатында анықтау үшін арналған.
10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау бойынша Нұр-Сұлтан қаласында бүгінгі күнде 15834 оқушы тіркеліп, 12256 оқушы диагностикадан өтті.
7-9 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау.
Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «SOS Детская деревнясының» 7-9 жастағы 10 оқушысын қабілеттерін анықтау диагностикасынан өткізді.