VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАПОЛИСТЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛІ НӘТИЖЕСІ

 ​ ​ VI Халықаралық​ мегаполистер​ олимпиадасы​ 2021 жылғы желтоқсан айының​ 6-23 күндері 14-18 жас оқушылар арасында математика, информатика, химия және физика пәндерінен қалаларға таратылған жергілікті онлайн​ форматта​ өткізілді.

​ ​ ​ Биылғы оқу жылында әлемнің 34 ірі мегаполисі өз командаларын таныстырды.

Нұр-Сұлтан қаласынан дарынды ер балаларға арналған «БИЛ»​ және «NURORDA»мектеп-лицейі​ командалары қатысты.

​ ​ ​ Олимпиада блиц-тур мен​ екі негізгі турды қамтыды.

​ ​ Блиц турнирде​ елордалық​ команда «the Blitz – Contest results» рейтингісінде Prize-winner сыйлығының лауреаты​ атанып, 11-ші қатарға орнықты.

​ ​ Елордалық оқушылар​ тартысты​ додада жалпыкомандалық есепте ІІІ орынға ие болды. Жеке есепте қатысушылар үш қола медальмен​ марапатталды. Медаль иегерлері:

Әлихан Алпыспеков– дарынды ер балаларға арналған «БИЛ»,​ математикадан қола медаль;

Мұхаммед Нағашбек- «NURORDA» МЛ , математикадан қола медаль;

Нұрдәулет Назарбай- «NURORDA» МЛ, физикадан қола медаль.

Жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!