Психология апталығы

Жыл сайын «Психология апталығын»  өткізу  елордалық білім беру мекемелері үшін жақсы дәстүрге айналған. Тақырыптық аптаның барлық жоспарланған іс-шаралары білім беру  үдерісін  психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің ажырамас бөлігі болып табылады, сондай-ақ өзекті және басым мәселелерді, ата-аналардың, мұғалімдердің, оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып өткізіледі.

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің бастамасымен 2021 жылдың 20-25 желтоқсан күндері аралығында елордалық  білім беру мекемелерінде  дәстүрлі  «Психология апталығы»  өткізілді.

Апталықтың  мақсаты:  оқушылар мен мұғалімдердің, ата-аналардың  психологиялық құзіреттілігін арттыру,  адам санасының құрамдас бөлігі ретінде психологиялық ғылымның маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.

Психология апталығын құру принциптері:

-аптаның тұтастығы мен толықтығы, яғни басталуы мен аяқталуы, негізгі идеясы мен ұраны психологиялық тұрғыдан анықталуы,

-күн сайын қайталанбас жұмыс түрлері;

-аптаның оқиғалары мүмкіндігінше көп балалар мен ересектерді қамтиды;

-аптаның іс-шаралары оқу үдерісіне кедергі  келтірмейді.

Өткізу формалары: психологиялық акциялар; сурет конкурстары; ақпараттық стендтер; сабақтар, психологиялық КВН; психологиялық тренингтер; сауалнамалар; викториналар.

Апталық аясындағы іс-шаралар  арнайы  бекітілген  жоспар  бойынша жүзеге асырылды. Апта бойы  білім беру мекемелерінде  жұмыс күнінің басында барлық қызметкерлеріне өткізілетін уақыты мен орны көрсетілген арнайы шақыру қағаздары (флаерлер) таратылды. Балабақша, мектеп және коллеждерде ұйымдастырылған  әрбір іс-шарада  балалардың,  мұғалімдердің  жағымды эмоцияларын тудырып,  мекемеге  кірген кезде бірден ерекше атмосфераны  сезінуіне және жұмысқа қызығушылықпен көңіл бөлуіне жағдай жасалды. Стендтік ақпарат күн сайын  қызықты ақпараттармен  жаңартылды.

«Психология апталығы» қызықты, мазмұнды болып шықты, көптеген жағымды эмоциялар берді, білім беру іс-әрекетінің барлық қатысушыларын- қызметкерлерді, ата-аналарды және балаларды тарта алды. Оң жетістік, әдеттегі күнделікті жұмыспен салыстырғанда, оқу  үдерісне қатысушылардың белсенділігінің  артуына, шығармашылықпен жұмыс жасауына куә болдық.

«Психология апталығы» іс-шараларын  өткізуге белсенді қатысқан   мектепке дейінгі  мекемелерден  («№15 «Дарын»), (№ 30 «Қайнар»), (№33 мектеп -балабақша кешені), (№72 «Жанарым»), (№95 «Алматы»), мектептерден- (№1,6,9,10,11,17,29,36,38,42,46,49,50,56,60,62,70,72,82,84) және «Даналық», Техникалық,  Жоғары сауда-экономикалық   колледждерінің педагог- психологтерін ерекше атап өтуге  болады.  Барлық іс-шаралар қатысушылардың танымдық процестерін жандандырып, балалар мен жасөспірімдерде қауіпсіз психологиялық көзқарас пен жағымды уәжді, стресске төзімділікті қалыптастыруға ықпал етті деген ойдамыз.