2021 жылғы 24 желтоқсан күні «Тәжірибелік психология апталығы» аясында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы № 65 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, «Ата-аналар клубы» қалалық қоғамдық диалог алаңында «Бұл қиын жас кезеңі: аңыздар мен шындық» тақырыбында ата-аналармен интерактивті кездесу өтті. Кездесу ZOOM интернет-алаңында онлайн конференция режимінде ұйымдастырылып, оған 38 ата-ана қатысты. Вебинардың бейнежазбасы қол жетімді болуы үшін мектеп сайтына орналастырылды. Вебинарды «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі, ҚПҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Тесленко Александр Николаевич өткізді.
6-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірге жасөспірімдердің жеке дамуының өзекті мәселелерін жедел физикалық даму, жыныстық жетілу, әлеуметтік-психологиялық өзгерістер, жеке тұлғалық дағдарыс, ата-аналармен қарым-қатынас ерекшеліктері талқыланды. Модератор А. Н. Тесленко әрбір жасөспірім бірегей және әрқайсысы ерекше тәсілді талап ететініне ерекше назар аударуды атап өтті.
Осы кездесу ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасты жақсартуына, ата-ана мен балалар арасындағы жылулық пен сүйіспеншілікті дамытуға көмектеседі деген ойдамыз