«Мектеп медиациясының психологиялық-педагогикалық негіздері» оқыту семинары

        Білім берудегі жағдайларды ретке келтіру медиациясын насихаттау және жанжалдарды шешуде делдал ретінде медиаторларды даярлау  үшін «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу  орталығы және  Ресей психологиялық қоғамның қолдауымен  2021 жылы 30 қараша мен 21 желтоқсан аралығында «Татуласу мектебі: тең-теңімен» авторлық жобасы аясында «Мектеп медиациясының психологиялық – педагогикалық негіздері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

        Карантиндік іс-шараларға байланысты семинар ZOOM интернет-алаңында онлайн конференция режимінде өтті. Семинарды «Астана дарыны» орталығының  ғылыми кеңесшісі, ҚПҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Тесленко Александр Николаевич өткізді.

Мақсаты: балалардың құқықтары мен психологиялық денсаулығын әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының теріс әсерінен және әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларынан қорғауға ықпал етуге бағытталған елордалық білім беру ұйымдарында мектептегі Медиация қызметтерін ұйымдастыру бойынша жұмысты жандандыру.

Мақсатты топ: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, волонтер-оқушылар.

Семинар аясында жасөспірімдердің қоршаған әлеммен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, жанжалсыз коммуникацияның психологиялық-педагогикалық тетіктері мен шарттары, жанжалдың әлеуметтік-психологиялық феномені, оның динамикасы мен реттеу технологиясы қаралды. Келіссөздер технологиясы жалпы қарым-қатынас пен коммуникациядан айырмашылығы өзіндік ерекшеліктері бар жаңа коммуникативті тәжірибе ретінде бөлек ашылды.

Келіссөздердің ерекше түрі – медиация, онда бейтарап делдал қақтығыс тараптарына өзара тиімді шешім табуға көмектеседі. Медиация кезеңдері, медиатордың негізгі мақсаттары мен міндеттері егжей-тегжейлі  түсіндірілді. Білім беру ұйымдарында медиацияны қолданудың артықшылықтары мен шектеулері талқыланды.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға «Астана дарыны» ДДжПСО 14 сағатқа сертификат табысталды.