«Жас өнертапқыштар мектебі» кезекті оқыту семинары

2021 жылғы 23 желтоқсан күні Ұлттық зияткерлік меншік институтында (ҚАЗПАТЕНТ) «Жас өнертапқыш мектебі» атты кезекті оқыту семинары өтті.

Бұл шараның мақсаты – Қазақстанның бәсекеге қабілетті азаматтарын тәрбиелеу, өнертапқыштық еңбек нәтижелерін тиімді пайдалану негізінде шикізаттық экономикадан жоғары технологиялық экономикаға көшу.

 «ҰЗМИ» РМК өскелең ұрпақ үшін «Жас өнертапқыш мектебі» оқыту семинарларының сериясын 2020 жылы бастады.

Елорданың жас зерттеушілері зияткерлік меншік негіздері бойынша кіріспе дәрістерді қызығушылықпен тыңдады, өнертапқыштық негіздері бойынша танымдық тренингтерге, викториналар мен интерактивті ойындарға қатысты, сондай-ақ патенттеуде тәжірибесі бар жас өнертапқыштармен кездесіп, жоғары сынып оқушыларына арналған республикалық жарыстар өткізілетіні туралы ақпарат алды.

Бұл зияткерлік іс-шараға жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық ғылыми жобалар конкурсы қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған Нұр-Сұлтан қаласының 140 оқушысы қатысты.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, белсенділік танытқан оқушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.