«Елбасы медалі» жобасы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында әзірленген. 2020 жылы басталған «Елбасы медалі» ұлттық жобасына 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандық белсенді жастар қатысты.
«Елбасы медалі» жобасының алғашқы күндерінен-ақ елордалық оқушы жастар белсенділік танытып, Нұр-Сұлтандық 178 ұл мен қыз қола медальға ие болды.
2021 жылдың 24 желтоқсанында Мемлекеттік академиялық филармонияда « «Елбасы» медалін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Барлық бағыттар бойынша тапсырмаларды сәтті орындаған тағы 178 елордалық жастар, оның ішінде 9 күміс, 169 қола дәрежедегі «Елбасы» медалін жеңіп алды.
Медальдарды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Жастар және отбасы істері бойынша комитетінің төрағасы, қоғам қайраткерлері,«Елбасы Академиясы» КҚ ресми өкілі, Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры табыстады.
«Елбасы» медалі» – спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі сияқты қызмет салаларындағы белгілі талаптарды сәтті орындаған жеңімпаздарға берілетін ерекше марапат.
«Елбасы медалі» бағдарламасы бірнеше деңгейден тұрады – олардың әрқайсысы белгілі бір жасқа сәйкес келеді және өзіндік өту мерзімі бар: Қола деңгейлі: 14 жастан бастап қатысушылар, ұзақтығы 6 ай; Күміс деңгейлі: 15 жастан бастап қатысушылар – 12 ай; Алтын деңгейлі: 16 жастан бастап қатысушылар, 18 айдан кем емес.
«Елбасы медалі» бағдарламасы – көшбасшылардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу, белсенді өмірлік ұстанымы бар Қазақстан азаматтарын мақсатты түрде дамыту, бұл олардың интеллектуалдық, физикалық және тұлғалық жағынан дағдылары мен қабілеттерін толық көрсетуге мүмкіндік береді.
Дәл осы көшбасшылар Отанымыздың болашақ тарихы мен тағдырын жасайтын, еліміздің мәртесесін жарқын жетістіктермен асқақтатуы керек!