«Жас психолог мектебі» аясында өткен оқыт семинары

2021 жылғы 23 желтоқсанда «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің  ұйымдастыруымен колледж педагог-психологтеріне «Амалтея» психодиагностикалық автоматтандырылған бағдарламасымен жұмыс бойынша тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинары  өтті. Семинарға Нұр-Сұлтан қаласы колледждерінен 11 педагог-психолог қатысты.

          Семинарда «Жоғары көлік және коммуникация» колледжінің педагог-психологі  Э.Бегалиева «Амалтея» бағдарламасымен жұмыс жүргізу,    қолдану  тәсілдері туралы  өз тәжірибесімен бөлісті.

Бірінші  курс студенттерінің  бейімделуі мен аддикциясын   анықтауда   қолданатын  әдістемелердің ерекшеліктеріне тоқталып, бағдарламаны қолдануды  тәжірибеде көрсетті.  Жасөспірімдердің аддиктивті мінез-құлыққа бейімділігінің  психологиялық факторларын анықтау бойынша «Амалтея» психодиагностикалық  бағдарламасының тиімділігі, маңыздылығы катысушылардың қызығушылығын  тудырды.  Кері  байланыста қатысушылар    семинардың   әдістемелік  жағынан пайдалы болғанын және алдағы  болатын семинарларға өз ұсыныстарын білдірді.